Павлодар жоғары басқару колледжі

Бай болғың келсе – өнерге үйрен. Абай.

ПКУ
  • image
  • image
  • image
  • image
  • image
  • image
  • Лицензия
  • image
  • image

Сілтемелер

Біз әлеуметтік желіде

Instagram

Статистика

 Рейтинг@Mail.ru

 

 

Павлодар облысы әкімдігінің

                                                                                      2015 жылғы « 28  » мамыр         

                                                                                         №  153/5   қаулысымен

                                                                                          бекітілді

«Техникалық және кәсіптік, орта бiлiмнен кейiнгi білім беретін ұйымдарға құжаттар қабылдау»  мемлекеттік көрсетілетін

қызмет регламенті

 

1. Жалпы ережелер

 

1. «Техникалық және кәсіптік, орта бiлiмнен кейiнгi білім беретін ұйымдарға құжаттар қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Павлодар облысы техникалық және кәсіптік, орта бiлiмнен кейiнгi білім беру ұйымдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру техникалық және кәсіптік, орта бiлiмнен кейiнгi білім беретін оқу орнының базасында жүзеге асырылады.

2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: қағаз түрінде.

3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі ― Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің  2015  жылғы  14 сәуірдегі №  200  бұйрығымен бекітілген «Техникалық және кәсіптік, орта бiлiмнен кейiнгi білім беретін ұйымдарға құжаттар қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының қосымшасына сәйкес (бұдан әрі – Стандарт) нысан бойынша техникалық және кәсіптік, орта бiлiмнен кейiнгi білім беретін оқу орнына құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат.

 

 

2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимыл тәртібін сипаттау

 

4. Стандарттың 9-тармағында көрсетілген қажетті құжаттарды қоса бере отырып, көрсетілетін қызметті алушының өтініші мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсімді (іс-қимылды) бастау үшін негіздеме болып табылады.

5. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, ұзақтығы мен өту кезеңі:

көрсетілетін қызметті берушінің қабылдау комиссиясының техникалық хатшысы көрсетілетін қызметті алушыдан алынған құжаттарды қабылдауды және тіркеуді жүргізеді, мемлекеттік қызметті көрсетудің нәтижесін көрсетілетін қызметті алушыға береді ― 15 минуттан аспайды.

6. Мемлекеттік қызметті көрсету жөніндегі рәсімнің (іс-қимылдың) нәтижесі – Стандарттың қосымшасына сәйкес нысан бойынша техникалық және кәсіптік, орта бiлiмнен кейiнгi білім беретін оқу орнына құжаттарды қабылдау туралы қолхат.

             

1.    Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара

іс-қимыл тәртібін сипаттау

 

7. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушінің  құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесі:

көрсетілетін қызметті берушінің қабылдау комиссиясының техникалық хатшысы.

8. Әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығын көрсете отырып, құрылымдық бөлімшелер (қызметкерлер) арасындағы рәсімдер (іс-қимылдар) реттілігін сипаттау осы регламенттің қосымшасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процесінің анықтамалығында беріледі.

 

 

4. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде халыққа қызмет көрсету орталығымен өзара іс-қимыл тәртібін,  сондай-ақ ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібін сипаттау

 

9. Стандартқа сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызмет «Халыққа қызмет көрсету орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының филиалы және «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы көрсетілмейді.

 




«Техникалық және кәсіптік, орта бiлiмнен кейiнгiбілім беретін ұйымдарға құжаттар қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне

қосымша

«Техникалық және кәсіптік, орта бiлiмнен кейiнгi білім беретін ұйымдарға құжаттар қабылдау» мемлекеттік қызмет көрсету бизнес-процесінің анықтамалығы

Жаналықтар

Мектеп бітірушілерді дайындағаны үшін колледжге алғыс СББҰ-ның басшылығы мен оқытушыларына Томск мемлекеттік басқару жүйесі және рад...
"Үздік инклюзивті білім беру педагогы" республикалық конкурсының облыстық кезеңі» 2018 жылдың 15-19 қазан аралығында "Өрлеу "БАҰО" АҚ филиал...
"Мың бала" республикалық мәдени-танымдық жобасы аясында өзге ұлт жастары арасында мемлекеттік тілді білу конкурсы" Павлодар жоғары бас...
Старко "жаттығу залындағы жарыс» Денсаулық-бұл кез келген адамның басты құндылығы. Жақсы мықты денсаулық көптеген маңызды мақсаттарға ...
Рухани Жаңғыру " бағдарламасы аясында "Ескі CD-дискілерге жаңа өмір" көрмесі» "Рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында 15-22 қазан аралығында ...

ЧУ ОО "Павлодарский колледж управления" 2013г.