Павлодар жоғары басқару колледжі

Бай болғың келсе – өнерге үйрен. Абай.

ПКУ
  • image
  • image
  • image
  • image
  • image
  • Лицензия
  • image
  • image
  • image

Сілтемелер

Біз әлеуметтік желіде

Instagram

Статистика

 Рейтинг@Mail.ru

 

 

                                                                                 Павлодар облысы әкімдігінің

                                                                                   2015 жылғы « 28  » мамырдағы         

                                                                                №  153/5   қаулысымен

                                                                                                           бекітілді

«Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында білім алушыларға жатақхана беру»  мемлекеттік көрсетілетін

қызмет регламенті

 

 

1. Жалпы ережелер

 

1. «Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында білім алушыларға жатақхана беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) жатақханасы бар Павлодар облысының техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру техникалық және кәсіптік білім беретін оқу орнының базасында жүзеге асырылады.

2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: қағаз түрінде.

3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 14 сәуірдегі № 200 бұйрығымен бекітілген «Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында білім алушыларға жатақхана беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі – Стандарт) қосымшасына сәйкес нысан бойынша техникалық және кәсіптік білім ұйымдарында білім алушыларға жатақхана беру туралы жолдама.

 

 

2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің)  іс-қимыл тәртібін сипаттау

 

4. Стандарттың 9-тармағында көрсетілген қажетті құжаттарды қоса бере отырып, көрсетілетін қызметті алушының өтініші мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсімді (іс-қимылды) бастау үшін негіздеме болып табылады.

5. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, орындалу ұзақтығы мен реттілігі, соның ішінде рәсімдердің (іс-қимылдың) өту кезеңі:

1) көрсетілетін қызметті берушінің оқу бөлімінің қызметкері көрсетілетін қызметті алушыдан алынған құжаттарды қабылдауды және тіркеуді жүзеге асырады, құжаттардың көшірмелерін түпнұсқалармен салыстырады, түпнұсқаларын көрсетілетін қызметті алушыға қайтарады және көрсетілетін қызметті берушінің басшысына қарауға береді (15 минуттан аспайды);

2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы құжаттарды қарайды, жауапты орындаушыны анықтайды (2 жұмыс күні);

3) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы жатақхана беру туралы жолдама жобасын ресімдейді, басшыға қарауға және қол қоюға жібереді (3 жұмыс күні);

4) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы жолдама жобасын қарайды, қол қояды және оқу бөліміне жібереді (3 жұмыс күні);

5) көрсетілетін қызметті берушінің оқу бөлімінің қызметкері жолдаманы тіркейді және көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызметтің нәтижесін береді (30 минуттан аспайды).

6. Мемлекеттік қызметті көрсетудің нәтижесі – Стандарттың қосымшасына сәйкес нысан бойынша техникалық және кәсіптік білім ұйымдарында білім алушыларға жатақхана беру туралы жолдама.

             

 

3.    Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара             іс-қимыл тәртібін сипаттау

 

7. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушінің  құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесі:

1) көрсетілетін қызметті берушінің оқу бөлімінің қызметкері;

2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы;

3) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы.

8. Әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығын көрсете отырып, құрылымдық бөлімшелер (қызметкерлер) арасындағы рәсімдер (іс-қимылдар) реттілігін сипаттау осы регламенттің қосымшасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығында көрсетіледі.

 

 

4. Халыққа қызмет көрсету орталығымен өзара іс-қимыл тәртібін,сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық  жүйелерді пайдалану тәртібін сипаттау

 

9. Стандартқа сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызмет «Халыққа қызмет көрсету орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының филиалы және «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы көрсетілмейді.                                                                                                           


«Техникалық және кәсіптік білім беру

ұйымдарында білім алушыларға жатақхана

беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет

                                                                                               регламентіне

                                                                                                 қосымша

 

«Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында білім алушыларға жатақхана беру» мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы

Жаналықтар

Мектеп бітірушілерді дайындағаны үшін колледжге алғыс СББҰ-ның басшылығы мен оқытушыларына Томск мемлекеттік басқару жүйесі және рад...
"Үздік инклюзивті білім беру педагогы" республикалық конкурсының облыстық кезеңі» 2018 жылдың 15-19 қазан аралығында "Өрлеу "БАҰО" АҚ филиал...
"Мың бала" республикалық мәдени-танымдық жобасы аясында өзге ұлт жастары арасында мемлекеттік тілді білу конкурсы" Павлодар жоғары бас...
Старко "жаттығу залындағы жарыс» Денсаулық-бұл кез келген адамның басты құндылығы. Жақсы мықты денсаулық көптеген маңызды мақсаттарға ...
Рухани Жаңғыру " бағдарламасы аясында "Ескі CD-дискілерге жаңа өмір" көрмесі» "Рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында 15-22 қазан аралығында ...

ЧУ ОО "Павлодарский колледж управления" 2013г.