Павлодар басқару колледжі

Бай болғың келсе – өнерге үйрен. Абай.

ПКУ
  • image
  • image
  • image
  • image
  • image
  • Лицензия
  • image
  • image
  • image

Статистика

 Рейтинг@Mail.ru

 

 

АБИТУРИЕНТКЕ АҚПАРАТ

 

«Нағыз маман болу, елде болып

жатқан үрдістерде өз орныңды табу,

болашақты құруға ат салысу»
Н.Ә. Назарбаев

Павлодар басқару колледжі 2001 жылы ашылды.  2012 жылғы желтоқсанда колледж білім беру қызметін  жүргізу құқығы үшін кезекті аттестациядан табысты өтті.  Павлодар басқару колледжінде мүмкіндігі шектеулі жандар үшін күндізгі, сыртқы және қашықтықтан оқыту түрлері жүргізіледі.  

Колледж 9 және 11 сыныптар базасында мына 4 мамандық бойынша кәсіби дайындық жүргізеді  және мемлекеттік үлгідегі диплом береді:
    - «
Есеп және аудит (салалары бойынша
    - «
Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету (түрлері бойынша
    - «
Ақпараттық жүйелер (қолданылу салалары бойынша
    - «
Ақпаратты қорғау бойынша техник»

               
11 сынып базасында «Ақпараттық жүйелер» және «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету» мамандықтары бойынша бюджеттік оқытуға қабылданады.

Студенттер оқу барысында ешқандай қосымша ақысыз әр мамандық бойынша қосымша жұмыс мамандықтарын алады:
    • «
Есеп және аудит (салалары бойынша)» + сақтандыру агенті + 1С: Бухгалтерия;
    • «
Ақпараттық жүйелер» + ЭЕМ операторы +1С: Бухгалтерия + Компьютерлік  графика;
    • «
Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету» + ЭЕМ операторы + компьютерлік дизайн + 1С: Бухгалтерия;
     • «
Ақпаратты қорғау бойынша техник» + ЭЕМ операторы + компьютерлік дизайн + 1С: Бухгалтерия;
                Оқу-материалдық база әрбір біліктілік бойынша жоғары деңгейлі маманды даярлауға мүмкіндік береді. Барлық оқу кабинеттері компьютермен жабдықталған және бір жергілікті  желіге қосылған,  бұл оқушыларға кез-келген кабинеттегі кез-келген компьютердегі ақпараттық базаны қолдануға мүмкіндік береді. Әрбір оқушының жеке компьютерде жұмыс жасау мүмкіндігі де бар.  Кез-келген ыңғайлы уақытта ғаламторға кіру мүмкіндігі де қамтамасыз етілген.  
Колледжде  барлық жайлы жағдай жасалған: ыңғайлы кабинеттер, бейнезал, кітапхана, асхана, радиоторап, жаттығу залы. 
                Бейнебақылау орнатылған, ол  қауіпсіздікті қамтамасыз етуге көмектеседі және тәртіптің сақталуына ықпал етеді. 
                Колледж республикалық «Парыз»  сайысының  жеңімпазы. Конкурс, Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес өткізілді. Павлодар  облысынан 22 кәсіпорын қатысты (шағын кәсіпкерлік субъектілері).
                Колледж «Ең үздік әлеуметтік жауапты кәсіпорын» номинациясы бойынша ІІ орынды иеленді.   «Көрме» атты көрме кешенінде 2010 жылғы 18 желтоқсанда  директор  Л.П. Гатычқа диплом мен сыйлық табысталды. 
                Павлодар басқару  колледжі Омбы мемлекеттік университетімен, Новосібір ақпарат және телекоммуникация университетімен, Павлодар мемлекеттік университетімен серіктестікте. Келісім бойынша біздің түлектер 3 жылдық қысқартылған түрде жоғары  білім алады.
               Павлодар мемлекеттік университетіне түскен колледж түлектері 20% жеңілдікке ие болады, үздік оқығандар -50% жеңілдік алады.
                Мамандығына байланысты оқудың төлем ақысы жылына 120 000 - 130 000 теңгені құрайды.  Жетім балаларға, бір отбасынының балаларына түрлі жеңілдіктер жасалады. 

Түсу шарттары:

Құжат қабылдау мерзімі:  20 маусымнан 20 тамызға дейін
Қабылдау емтихандары
    • 
9 сынып базасында: математика, орыс (қазақ) тілінен тестілеу (20 балл)
    • 11
сынып базасында
    - ҰБТ сертификаты  (40 балдан кем емес)
    -
ҰБТ сертификатынсыз –математика, орыс (қазақ) тілі, Қазақстан тарихынан тестілеу (30 балдан кем емес)

Колледжге түсуге қажетті құжаттар:


    -
білімі туралы құжат (түпнұсқа, көшірме)
    - медицин
алық анықтама У- 086
    -
туу туралы куәлік немесе жеке куәлікөшірме)
    - 3 х 4
фото (6 дана)
    -
ҰБТ сертификаты (сол жылғы орта мектеп түлектеріне)
    -
тіркеу куәлігі
    -
еңбек кітапшасы (сыртқы бөлім үшін - көшірмесі)
    -
егілу құжатыөшірме)

    
Колледжде Сізге ыңғайлы болатын уақытта сынақ тестілеуі жүргізіледі. Тестілеу қорытындысы бойынша  сертификат беріледі,  ол конкурсқа қатысуға құқық береді.

МекенжайҚазақстан Республикасы,
Павлодар қ.
Мир
к., 18/1
тел. 53-58-81, 53-42-65, 53-76-53
Сайт: www.pku.kz,
Қашықтықтан оқыту сайты: www.do.pku.kz


    
Жету:
    авт. №9, 21, 16, 18, 40, 38, 115, 152, 27  «Конституция алаңы» аялдамасы
    трамв. №6, 5, 4, 12  «II
қалалық аурухана» аялдамасы.

Сыртқы бөлім

     Сабақ сенбі және жексенбі күндері, оқу жылында айына екі рет жүргізіледі.

Осылайша Сіз:
      - жұмыстан қол үзбейсіз;
      - кітапхана мен ғаламторды кез-келген уақытта қолдана аласыз;
      - колледж педагогтарымен үнемі байланыста боласыз.

Жаналықтар

Қалалық шараларға қатысу туралы ақпарат Павлодар басқару колледждің студенттері Халықаралық балалар қорғау күніне арналған Балалар ж...
Ән айтайық , қымбатты Ардагер! 9 Мамыр Жеңіс күнін қарсанында Павлодар басқару колледждің студенттері Забродин Андрей, Звонковский Илья...
2018 жылдың 16-20 сәуірінде Павлодар басқару колледжінде  математика, информатика, физика апталығы өтті.   Дүйсенбіден сәрсенбіге дейін (16...
Жігіт сұлтаны Бүгін, 2018 жылы 19 наурызда, Наурыз мейрамы қарсанында біздің колледжде «Жігіт сұлтаны» сайысы өткізілді. Жігіттер өз өнер...
«Замануи діни  экстремизм мен терроризмге қарсы әрекет» тақырыбына семинар туралы ақпарат 2018 жылы 1 наурыз Павлодар басқару колледжін...