Павлодар жоғары басқару колледжі

Бай болғың келсе – өнерге үйрен. Абай.

ПКУ
  • image
  • Лицензия
  • image
  • image
  • image
  • image
  • image
  • image
  • image

Сілтемелер

Біз әлеуметтік желіде

Instagram

Статистика

 Рейтинг@Mail.ru

 

 

Мемлекеттік рәміздері

Қазақстан Республикасының
Мемлекеттік Туы

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы – ортасында арайлы күн, оның астында қалықтаған қыран бейнеленген тік бұрышты көгілдір түсті мата. Тудың ағаш сабына бекітілген тұсында ұлттық өрнек тік жолақ түрінде нақышталған. Күн, оның шұғыласы, қыран және ұлттық ою-өрнек - алтын түстес. Тудың ені ұзындығының жартысына тең.

Қазақстан Республикасының
Мемлекеттік Елтаңбасы

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы – дөңгелек нысанды және көгілдір түс аясындағы шаңырақ (киіз үйдің жоғарғы күмбез тәрізді бөлігі) түрінде бейнеленген, шаңырақты айнала күн сәулесіндей тарап уықтар шаншылған. Шаңырақтың оң жағы мен сол жағында аңыздардағы қанатты пырақтар бейнесі орналастырылған. Жоғарғы бөлігінде – бес бұрышты көлемді жұлдыз, ал төменгі бөлігінде «Қазақстан» деген жазу бар. Жұлдыздың, шаңырақтың, уықтардың, аңыздардағы қанатты пырақтардың бейнесі, сондай-ақ «Қазақстан» деген жазу – алтын түстес.

Қазақстан Республикасының
Мемлекеттік Гимні

Сөзін жазғаңдар:
Жұмекен Нәжімеденов
Нұрсұлтан Назарбаев
Әнін жазған:
Шәмші Қалдаяқов

Алтын күн аспаны,
Алтын дән даласы,
Ерліктің дастаны,
Еліме қарашы!
Ежелден ер деген,
Даңқымыз шықты ғой.
Намысын бермеген,
Қазағым мықты ғой!
Қайырмасы:
Менің елім, менің елім,
Гүлің болып егілемін,
Жырың болып төгілемін, елім!
Туған жерім менің - Қазақстаным!
Ұрпаққа жол ашқан,
Кең байтақ жерім бар.
Бірлігі жарасқан,
Тәуелсіз елім бар.
Қарсы алған уақытты,
Мәңгілік досындай,
Біздің ел бақытты,
Біздің ел осындай!
Қайырмасы:
Менің елім, менің елім,
Гүлің болып егілемін,
Жырың болып төгілемін, елім!
Туған жерім менің - Қазақстаным!

Жаналықтар

Павлодар жоғары басқару колледжі" ЖМ ББҰ " Жыл көшбасшысы 2018 "жоғары атағы берілді. Оқу орны экономика және ақпараттық технологиялар сал...
Наурыз— қазақтардың, сондай-ақ көптеген Азия халықтарының тойланатын  басты мерекесі. Наурыз — бұл көктем мерекесі, табиғаттың ж...
Жыл сайынғы дәстүр бойынша колледждің ерлер жартысы директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Петрова Елена Владимировнаның ж...
Павлодар жоғары басқару колледжінің әкімшілігі бейнероликтер байқауының қорытындысын шығарып, ақшалай сертификаттар табыс етті....
Колледж әкімшілігі 1-3 курс студенттері: Бедринец Кирилл, Бондарева Дарья, Королев Дарья, Михов Дмитрий "Қазақстан Республикасының Конст...

 

ЧУ ОО "Павлодарский колледж управления" 2013г.