Павлодар басқару колледжі

Бай болғың келсе – өнерге үйрен. Абай.

Get Adobe Flash player
  • image
  • image
  • image
  • image
  • image
  • image
  • image
  • image
  • Лицензия

Статистика

 Рейтинг@Mail.ru

 

 

ҚР Қарулы Күштер күні мен Жеңіс күнін тойлауына арналған іс-шаралар туралы ақпарат

ҚР Қарулы Күштер күні мен Жеңіс күнін

 тойлауына арналған іс-шаралар туралы

ақпарат

             2016 жылғы 4 мамырда Павлодар басқару колледжінде «Жеңіс әндері» атты  мерекелік әскери- патриоттық конкурсы өтті.

Бізде қонақта Павлодар облысының құрмет азаматы, тыл еңбеккері, әділет генерал-майоры  Фалиев Дмитрий Никифорович, Калиев Төлеген Шынгысханұлы – полиция подполковнигі болды. Байқау бағдарлама ҰОС мен тыл ардагерлерін және болашақ сарбаздарды келе жатқан мерекелермен құттықтаудан басталды.

Содан кейін бағдарламаны жүргізушілер соғыс кезінде адам баласының жан дүниесінің азығы ән болғанын айта кетті.

Біздің колледждің студенттері бұл конкурсқа шығармашылықпен  дайындалды.

            Конкурстық бағдарламаны П-11 тобы «3 танкиста» атты әнмен ашты. Жаудың алғашқы оғына тап болған шакарашыларымыз туралы  ИС- 21, ИС-22  топтары  «Грустные ивы» атты әнімен баяндады.   П-32 тобы «Перелетные птицы»  әнімен байқауды жалғастырылды. Лирикалық ән  «О той весне» ( ИС-11тобы) қазыларалқасына өте ұнағаны соншама, 1-ші орынға ие болды.   Э-21 тобы орындаған В.Цойдың «Көкек» атты әні барлық тыңдаушыларға ұнап 2-ші орынға ие болды. П-21 тобы «Соңғы шайқас» атты әнді шырқады. П-31 тобы өз әнін өте қызықты көрсете білді. Ал П-22 тобы «Алға, алға, қазақ жігіттері!» аты әнді қазақ тілінде орындап берді де, 3-ші орынға ие болды.

Сонымен қатар, мерекелік бағдарламада  оқытушы П.С.Стадник, П-32 тобының студенті Ю.Котульский ән шырқады.

Және де, Қарулы Күштер күніне арналған футболдан болған турнирде орын алған студенттер грамота мен  тәтті сыйлықтармен, конкурсқа қатысушылар сертификаттармен мараппаталды. Мерекелік конкурстық бағдарламаға қатысушылар өте риза болды.

Мамырдың 6-нда 1-2 курс студенттер үшін «Есіңде мәңгі сақта...» атты тарихи-әдеби кеш өткізілді.  Студенттер Ленингард блокадасы, майдан, соғыс туралы өлең оқып, бейнефильм тамашалады және қазақстандық батырлар мен біздің жерлестеріміз туралы көптеген мәлімет алды деп айтуға болады.

 

Э-21 тобы мамырдың 6- да ҰОС және тыл ардагерлердің үйіне барып сыйлық беріп келе жатқан мерекемен құттықтады.