Павлодар басқару колледжі

Бай болғың келсе – өнерге үйрен. Абай.

Get Adobe Flash player
  • image
  • image
  • image
  • image
  • Лицензия
  • image
  • image
  • image
  • image

Статистика

 Рейтинг@Mail.ru

 

 

Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі

Қазақстандықтарда мемлекеттен пайыздық бонустар ала отырып балаларын оқытуға қаржы жинаудың жаңа тетігі бар


         2013 жылдан бастап Қазақстанда Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі (бұдан әрі – МБЖЖ) іске қосылды. 

Жүйе Қазақстан Республикасының әрбір азаматына өзінің немесе баласының атына келешекте Қазақстан мен шетел колледждерінде және ЖОО-ларында оқудың ақысын төлеу үшін жұмсауға болатын білім беру жинақтау салымын ашуға мүмкіндік береді. «Қаржы орталығы» АҚ осы жүйенің операторы болып табылады.

  Бүгінгі таңда жүйе бойынша 16 000-ға жуық білім беру жинақтау салымы ашылды. Білім беру жинақтау салымына МБЖЖ-ға қатысушы банктен ай сайын жылдық 14% (ЖТМ – 15,2%)  мөлшерінде сыйақы мен жыл сайын 5% немесе 7% (басымдылықты санаттағылар үшін) мөлшерінде мемлекеттен сыйлықақы есептеледі.

Білім беру жинақтау салымының ерекшелігі:

·      Табыс түрі ретінде мемлекет сыйлықақысына салық төленбейді;

·      Білім беру жинақтау салымдары 10 млн.теңгеге дейін Қазақстандық салымдарды кепілдендіру қорының нысаны болып табылады;

·      Минималды бастапқы жарна – 3АЕК (2016ж. 6 363 теңге);

·      Жинақтау мерзімі – 20 жылға дейін;

·      Мемлекет атынан ҚР БҒМ «Қаржы орталығы» АҚ-ның 100% кепіл болуымен банктен білім беру кредитін алуға мүмкіндік бар.

 

Білім грантын иеленген жағдайдағы салымшының құқықтары:

·       жинақты есептелген мемлекет сыйлықақысымен бірге алу;

·       ақшаны басқа баланың атына аудару;

     ·       білімнің басқа деңгейлерін алу үшін жинақтауды жалғастыру

Білім беру жинақтау салымын ашу үшін мыналар қажет: 

1-қадам – МБЖЖ-ға қатысушы банктердің бірін таңдау.  

2-қадам–  Білім беру жинақтау салымын ашу. 

3-қадамБастапқы жарнаны салу.

 

Құжаттар:

-  жеке куәлігі;

- баланың туу туралы куәлігі және ЖСН.

Кеңес алу үшін "Қаржы орталығы" АҚ-ға хабарласыңыздар:

 

Тегін жедел желі: 8 800 080 28 28. Тел.: 8 7172 695 044, 695 045, 695 047
Мекенжайы: Астанақ., Тәуелсіздік даңғ., 8